Алматыда жалған марапат таратқан азамат жауапқа тартылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мемлекеттік наградаларды заңсыз тағу және иемдену дерегі бойынша азамат К.-ға қатысты істі қарады.

Қызылордадағы атышулы оқиға: 9 сотталушы кассациялық сотқа шағым түсірді
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы желтоқсан айында К. Ұлттық кітапхана ғимаратында дөңгелек үстел ұйымдастырып, тиісті рұқсаты мен өкілеттігі болмағанына қарамастан, мемлекеттік наградаларға ұқсас атаулары мен сыртқы белгілері бар марапаттарды табыстаған.

- Аталған әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 674-бабының 2-бөлігі бойынша сараланды. Бұл бап жеке тұлғаларға – 5 айлық есептік көрсеткіш, лауазымды тұлғаларға – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды, сондай-ақ заңсыз пайдаланылған белгілерді тәркілеуді көздейді, - деп жазды Алматы соттарынан.

Сот қаулысымен К. кінәлі деп танылып, оған 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Заңсыз пайдаланылған белгілер тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Ақтөбеде бір жылда жарылғыш зат туралы 20 жалған хабарлама түскен.

Соңғы жаңалықтар