Алматыда жәрдемақы алмай қалған онкологиялық науқастардың құқықтары қорғалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда онкологиялық науқастарды әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырған емхана басшылары жауапқа тартылды. 

жәрдемақы
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Алматы прокуратурасының мәліметінше, онкологиямен ауыратын науқастар жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған. 

— Қала прокуратурасы онкологиямен ауратын науқастарға мүгедектікті рәсімдемей, кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырған бірнеше емхананы анықтап, оның жолын кесті, - деп хабарлады прокуратурадан.

Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауапқа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді. 

Осыған дейін алматылық прокурорлар 31 инвесторға негізсіз есептелген салық төлемдерін қайтарған еді. 

Бұдан бөлек, Алматыдағы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкі мемлекетке қайтарылғаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум