Алматыда жедел ветеринариялық көмек іске қосылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда ауыр жағдайда қалған қараусыз жануарларға көмек көрсету үшін екі мамандандырылған бригада құрылды.

Алматыда жедел ветеринариялық көмек іске қосылды
Фото: Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына қарасты қалалық ветеринариялық қызмет қараусыз және қаңғыбас жануарларға арналған жедел ветеринариялық көмек қызметін іске қосты.

Алматыда жедел ветеринариялық көмек іске қосылды
Фото: Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы

Жаңа қызметтің негізгі мақсаты – шұғыл ветеринарлық көмекті қажет ететін қиын жағдайларға жедел ден қою, сондай-ақ зардап шеккен жануарларды ветеринарлық клиникаларға тасымалдау.

Жануарларға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтылған екі мамандандырылған бригада құрылған. Ветеринариялық көмек қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларға көрсетіледі.

Алматыда жедел ветеринариялық көмек іске қосылды
Фото: Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы

Жедел ветеринариялық көмекті келесі жағдайларда шақыруға болады: жол-көлік апаты немесе құлау салдарынан ауыр жарақаттар болғанда, уланған жағдайда, жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі, тыныс алу бұзылыстары сияқты өткір аурулар болған кезде.

Алматыда жедел ветеринариялық көмек іске қосылды
Фото: Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы

Жедел ветеринариялық көмекті шақыру үшін 8 708 595 64 04, 338 27 59 нөмерлеріне немесе Алматы қаласының бірыңғай қызметіне (109) хабарласу қажет.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі қалада бұралқы иттер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар