Алматыда жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан мопед жүргізушісі мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.

мопед
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 1 шілде сағат 21:00 шамасында Алатау ауданында болған.

Жедел жәрдем көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Фуркат көшесінің қиылысында мопед жүргізушісін қағып кеткен.

— Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады департаменттен.

Бұған дейін Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5 қызы көз жұмғаны анықталды.