19:00, 29 Қазан 2025 | GMT +5
                                        Алматыда жерүсті өткелдері лифтілерін қолдану: пилоттық жоба іске қосылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мүмкіндігі шектеулі адамдар қаладағы жерүсті өткелдерінің лифтілерін қалай қолдана алатынын түсіндірді.
 
                                              - Мұндай азаматтар аудан әкімдіктеріне жүгініп, арнайы кілттерді ала алады. Сонымен қатар Әуезов ауданындағы кей өткелдерде пилоттық жоба іске қосылды. Ол бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар «Оңай» картасы арқылы лифтіге кіре алады. Жыл соңына дейін жоба тексеріліп, өз тиімділігін көрсеткен жағдайда біз ыңғайлы болу үшін қаланың барлық ауданында қолданамыз, - деді ол.
Еске салайық, былтыр жерүсті және жерасты өткелдері жаңа стандарт бойынша жөнделетінін жазғанбыз.
ҚазҰУ-да жерүсті спутниктік станциясы салынады.