20:53, 03 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Алматыда жыл басынан бері 33 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Сот шешімімен қала аумағындағы 33 заңсыз салынған нысан толық немесе жартылай бұзылды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Сонымен қатар басқарманың талап-арызы бойынша тағы 64 нысанды бұзу қажет. Оларға қатысты сот шешімдері қазір қалалық Әділет департаментінде орындалу сатысында тұр.
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін сотқа 68 талап-арыз жолданды. Оның 35-інде нысандарды толық немесе жартылай бұзу көзделген.
Айта кетелік Астанада үлескерлер 4 млрд теңге құйған тұрғын үй сүрілді.