14:43, 31 Наурыз 2025 | GMT +5
Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы әкімдігі қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынын мәлім етті.

Қала әкімдігінің жауабына сәйкес, Алматы қаласының жылыту маусымына дайындық және өту қағидалары бойынша ұзақ уақыт бойы сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8° және одан жоғары болғанда жылыту маусымы аяқталады. Тиісті қаулы шыққан соң жылу беру тоқтатылады.
- Сонымен қатар жылу сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасын ескере отырып беріледі. Әр үйде жылу пункті бар, онда жылумен жабдықтауды ПИК, МИБ қызметкерлері реттейді, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматы тұрғын үйлеріне жылу қазан айының басында берілген еді.