Алматыда жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары басталады
АЛМАТЫ. KAZINFROM – Алматыда қазандықтарды жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады. Бұл шаралар келесі қыста жабдықты дайындау үшін қажет және нормативтік талаптарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.

«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес бекітілген кесте бойынша жөндеу жұмыстарына кіріседі.
– Осыған байланысты кейбір учаскелерде ыстық сумен жабдықтауды мәжбүрлі түрде ажырату жүргізіледі. Қазандықтарды тоқтату жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады. Ірі нысандарда – «Орбита», «оңтүстік-шығыс», «оңтүстік» және «Ақкент» - басқа жылу желілеріне ауысу мүмкіндігі бар, бұл өшіруді болдырмайды, – деп хабарлады әкімдіктен.
Алайда кейбір қазандықтарда ыстық су беруді уақытша тоқтату қажет:
12-16 мамыр аралығында
– №2 емхана» қазандығы (Медеу ауданы);
– Техникалық лицей № 71» қазандығы (Түрксіб ауданы);
– №85 мектеп» қазандығы (Түрксіб ауданы);
– «13-ші әскери қалашық» қазандығы (Түрксіб ауданы):
19 мамырдан 23 мамырға дейін
– Волочаевская, 381 қазандығы (Түрксіб ауданы);
– Сейфуллин №68Б қазандығы (Түрксіб ауданы);
– Беспаков қазандығы (Жетісу ауданы):
9-16 маусымға дейін
– «Премьера» қазандығы (Наурызбай ауданы);
9-23 маусым аралығында
– «Жас-Қанат» қазандығы (Түрксіб ауданы);
9 маусымнан 3 шілдеге дейін
– «Әуежай» қазандығы (Түрксіб ауданы):
21 шілдеден 8 тамызға дейін
– «Көкжиек» қазандығы (Жетісу ауданы):
– Алматыда 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы жылу шаруашылығын уақтылы дайындау және жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында тұрақты өтті. Биыл 43 шағын қазандықты жөндеу жоспарда, онда ыстық суды өшіру бір аптадан аспайды. Жөндеудің толық кестесімен atke.kz ресми сайттан танысуға болады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі апта бойы жылу желілеріне сынақ жүргізілетіні туралы жазған едік.