Алматыда жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 5-9 қыркүйек сағат 23:00–ден таңғы 06:00–ге дейін Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Себебі жолға жаңа асфальтбетон жабыны төселмек.
Жұмыс кестесі ауа райына немесе өндірістік қажеттілікке қарай өзгеруі мүмкін.
Еске салайық, Алматыда Төле би көшесінің жабылуына байланысты 10 автобус бағыты өзгеретіні хабарланды.