Алматыда ЖРВИ жұқтырғандардың саны 20 мыңға жақындады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жіті респираторлық вирусты инфекция (ЖРВИ) мен тұмау вирустарының айналымына мониторинг жүргізіліп жатыр.

ОРВИ
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, зертханалық мониторинг нәтижесі бойынша қалада парагрипп, риновирус, маусымдық коронавирус сияқты басқа да ЖРВИ вирустары айналымда бар.

Өткен аптада ЖРВИ-дің 18957 жағдайы тіркелген. Жас санаттары бойынша науқастар: 4 жасқа дейінгі балалар - 31,5%, 5 - 14 жаста - 28,7%, 15 - 29 жаста - 17,3%, 30 - 64 жаста - 14,4%, 65 жас және одан жоғары - 8,0%. Сондай-ақ алдыңғы апта ішінде қаланың 137 мектебінде ЖРВИ-дің 520 жағдайы тіркелген.

- «Тәуекел тобындағы» халықты вакцинациялау үшін жергілікті бюджет қаражатына үш валентті «Гриппол плюс» вакцинасының 250 000 данасы сатып алынды. Қалада 25 қыркүйектен бастап медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда динамикалық бақылауда тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің адамдары, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер арасында тұмауға қарсы вакцинация басталды, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация басталатынын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар