18:06, 14 Сәуір 2025 | GMT +5
Алматыда жүк көлігі сүйретіп келе жатқан автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында болған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, сағат 15:50-де жүк көлігі Емцов көшесінің бойымен оңтүстік бағытта «ВАЗ» маркалы автобусты сүйретіп келе жатқан. Қозғалыс кезінде камаз бен автобусты байланыстырып тұрған ілмек үзіліп, нәтижесінде қоғамдық көлік тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
- Өкінішке қарай, оқиға салдарынан 1990 жылы туған ер көз жұмды. Полиция департаментінің Анықтау басқармасы адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады полициядан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда көлік аударылып, бір адам мерт болғанын жазғанбыз.