Алматыда Жұмабаев көшесінің бөлігі 1 айға жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Түркістандағы Батыс Еуропа — Батыс Қытай автомагистраліне балама жол құрылысы неге кешеуілдеп жатыр
Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Жетісу ауданында кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жұмабаев көшесінің Сельская көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Аталған жол учаскесі 16 маусымнан 20 шілдеге дейін жабық болады.

- Көлік қозғалысы Омаров және Палладин көшелері арқылы қамтамасыз етіледі. Қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және тозған желілерді ауыстыру аясында Жетісу ауданында 716 метр кәріз құбыры жаңартылады. Аталған желі 1967 жылы пайдалануға берілген, - деп хабарлады әкімдіктен.

Сондай-ақ қала әкімдігі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін кезеңде барлық тұтынушылар үшін суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтері толық көлемде сақталатынын атап өтті. Жұмыс жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері және айналып өту бағыттарының сызбалары орнатылған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі бір айға жабылды.