Алматыда жүрек ырғағы бұзылған науқастарға алғаш рет CSP импланты салынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қалалық кардиология орталығында алғаш рет жүректің өткізгіш жүйесін физиологиялық стимуляциялаудың жаңа буындағы жүйелерін имплантациялау отасы жүргізілді. 

Алматыда жүрек ырғағы бұзылған науқастарға алғаш рет CSP импланты салынды
Фото: Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, құрылғылар жүрек ырғағы бұзылған үш науқасқа орнатылды. Имплантацияға аритмология бөлімінің меңгерушісі Артур Абдымомунов пен Польша шақырылған сарапшы — профессор Кшистоф Бочар жетекшілік еткен.

— Ота барысында CLS технологиясымен жабдықталған электрокардиостимуляторлар қолданылды. Бұл технология жүрек соғу жиілігін физикалық және эмоциялық жүктемелерге қарай реттеуге мүмкіндік береді. Жүрек жетіспеушілігі қаупін төмендетеді және науқастардың өмір сапасын жақсартады, — деп хабарлады басқармадан.

Орталық директоры Ермағамбет Қуатбаев заманауи технологияларды енгізу және дәрігерлерді озық әдістерге үйрету қаланың кардиологиялық қызметін дамытудағы маңызды бағыт екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Алматы дәрігерлері 76 жастағы зейнеткерге сәтті ота жасағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар