Алматыдағы автобус апаты: жеңіл көлік жүргізушісі 2 ай үйқамақта болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысындағы автобус апатына күдікті деп танылған жеңіл көлік жүргізушісі Анель Сартаева тергеу уақытында үй қамағында болады. 

Жол апаты
Фото: Алма Мұқанова

Бұл туралы Анель Сартаеваның адвокаты Қанат Алсейіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Ол бұған дейін жеңіл көлікті басқарған әйелдің тергеу кезінде тергеу изоляторына 2 айға орналастырылғанын және Анель Сартаеваның 4 айлық баласы бар екенін жазған болатын.

– Апелляция өтті. Қалалық сот жеке шағымды объективті және жан-жақты қарады. Бұрын таңдалған қамауда ұстау түріндегі шара жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Ол тергеу кезеңінде үй қамауында болады және баласына қамқорлық жасай алады, - деп жазды адвокат. 

Еске салайық, 26 маусым күні Алматыда автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар