Алматыдағы қойма өртін 85 құтқарушы және 22 техника сөндіріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір Алматы қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Солтүстік айналым тас жолындағы қоймадағы ірі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

қойма өрті
Фото: ТЖМ

ТЖД мәліметінше, қойма ашық жалынмен жанғаны анықталған.

қойма өрті
Фото: ТЖМ

Өртті сөндіруге 85 құтқарушы және 22 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды, сондай-ақ өрт сөндіруге арнайы автопойыздар қосылды.

қойма өрті
Фото: ТЖМ

— Қазіргі кезде зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өртті сөндіру қиынға соғып жатыр, өйткені ғимарат құрылысы күрделі және жалын көлемі жоғары. Өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 12 қабатты үйден өрт шығып, 60 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар