Алматыдан 258 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда екі жер сілкінісін тіркеді
Фото: pexels.com

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпан 16 сағат 33 мин 6 секундте жер сілкінісін тіркеді, Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде, Қытай аумағында жатыр. Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл, зардап шеккендер мен бүлінген ғимаратар жоқ. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар