Алматыдан 447 шақырым жерде жер сілкінді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 4 мамыр күні сағат 11:45-те жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 447 шақырым жерде жер сілкінді
Фото: Анадолы

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 447 шақырым қашықтықта – Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. 

– Эпицентр координаттары: 41,670° с.е., 82,310° ш.б. Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ, - делінген хабарламада.

Осыған дейін, 1 мамыр күні Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылынан 10 км қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 км жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. 

Сонымен қатар Қырғызстанның Қазақстанмен шекаралас аумағында да жер сілкінісі болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар