Алматыдан Ақтауға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі Алматыдан Ақтауға шыққан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болғанын растады.

самолет, рейс, аэропорт, air astana
Фото: Александр Павский / Kazinform

Әлеуметтік желіде ұшақ бортындағы жағдай туралы видео тараған болатын. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілген кезде борттан бөгде бүр түрлі шуыл шыққан. Ал 30-40 минуттан кейін ұшақ төмендеген.

— 31 тамызда Алматы-Ақтау бағытына шыққан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жете бере, техникалық ақау туралы хабар беріп, нұсқаулыққа сай бірінші болып қонуға рұқсат сұрады. Осыдан кейін ол қауіпсіз эшелонының көмегімен Ақтау әуежайына аман қонды, — деп мәліме етті компанияның баспасөз қызметі.

Қазір ұшақтағы ақау неден шыққаны тексеріліп жатыр.

— Аталған рейстің бүкіл жолаушылары басқа әуе кемесіне ауыстырылды, — делінген ресми мәліметте.

Бұған дейін Павлодар облысында науқас әйел мен нәрестені құтқару үшін тікұшақ қажет болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар