Алматыдан Өскеменге сапарлау уақыты 4 сағатқа қысқарды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның туристік орындарына апаратын жолдар жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Жол
Фото: ҚазАвтоЖол

Министрдің айтуынша, биыл елімізде 11 мың шақырым жолды жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Рахман қайнары, Кендірлі, Баянауыл, Зеренді, Көлсай сынды туристік аймақтардың жолдары бар.

Әкімдіктер мен инвесторлар бірлесіп жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның ішінде АЗС, мотельдер, дәмханалар бар.

— Бұл жұмыстар туристік орындарға жетуді жеңілдетіп, жол жүру уақытын қысқартады. Мысалы биыл Алматы-Өскемен жолын толық бітірдік, жол жүру уақыты 4 сағатқа қысқарды. Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, автомобиль жолдарының өткізу қабілетін жақсартты, — деді Көлік министрі.

Айта кетейік, бүгін Үкімет туризмді дамыту мәселелерін қарастырып жатыр.