23:31, 07 Қазан 2023 | GMT +5
Алматыдан Тель-Авивке ұшуға тиіс болған КС649 рейсі тоқтатылды
Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Тель-Авивке ұшуға тиіс болған КС649 рейсін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Air Astana әуекомпаниясы Израильдегі әскери эскалация салдарынан Алматыдан Тель-Авивке ұшуға жоспарланған КС649 рейсін орындау мүмкін емес екенін өкінішпен хабарлайды. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуекомпанияның өзгермейтін басты басымдығы.
Air Astana Тель-Авивте орналасқан әуекомпания қызметкерлерін қоса алғанда, қазақстандықтардың елге аман-есен оралуын ұйымдастыру үшін қажетті шаралар мен күш-жігер жұмсауда" делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін бұл компанияның Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатқанын жазған едік.