Алматыдан Вьетнамға шыққан ұшақ әуежайға қайтып келуге мәжбүр болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыдан Вьетнамға шыққан Air Astana ұшағы қала үстінде біраз уақыт қалқып, кейін әуежайға қайтып оралған. 

самолет
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Air Astana жауабына сәйкес, 28 наурызда Алматы — Нянчанг бағыты бойынша КС193 түнгі рейсін орындаған Air Astana ұшағы техникалық себеппен Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонған. 

— Рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, ал қалауы бойынша қонақ үйге орналастыру ұсынылды. Жолаушылар басқа әуе кемесімен сағат 07:15–те жолға шықты. Рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, — деп хабарлады компаниядан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыға рейс брондайтын туристер саны 1,5 есе өскенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар