Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

АЛМАТЫ. KAZINFORM —  ҚР ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда Алматы қаласына 323 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстан аумағында да сезілді
Фото: Анадолы

Жер сілкінісін сейсмикалық стансалар желісі 28 наурызда Астана уақытымен 03:42–де тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 км жерде орналасқан. 

Сезілуі туралы ақпарат: 

Есептелген қарқындылық (балмен) болды: 

Меркі ауылы — 5.0 балл

Құлан ауылы — 4.0 балл

Шу қаласы — 2.0 балл

Төле би ауылы — 2.0 балл

Сарыкемер ауылы — 2.0 балл 

Тараз қаласы — 2.0 балл

Қордай ауылы — 2.0 балл

Аса ауылы — 2.0 балл 

Мойынқұм ауылы — 2.0 балл

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жұмыс кеңесі және бейнеконференция өтті.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

— Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет етуге дайын. Жамбыл облысында химиялық қауіпті 5 нысан орналасқан. Мамандар оларды тексеру өзара әрекеттестк ұйымдастырды — қауіп жоқ, — деп толықтырды ТЖМ.

Бұған дейін хабарланғандай, 19 наурыз күні Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 301.00 км жерде жер сілкінісі тіркелген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар