15:10, 22 Ақпан 2024 | GMT +5
Алматылық депутатқа әдепсіз сөздері үшін айыппұл салынды
АЛМАТЫ. KAZINFORM –Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке 21 ақпанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде әдепсіз сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды.
«Мен полиция басқармасына келіп, түсініктеме жаздым. Мені ұсақ бұзақылық жасағаным үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапқа тартты. Жіберген қателіктер үшін толық жауап беру керек. Бұл заң алдында барлығының тең екендігінің жақсы үлгісі», – деді ол Instagram – дағы парақшасында.
Еске салайық, кеше Алматы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессия өткен болатын.