Алматылық танымал блогер қайтыс болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда танымал аспаз әрі блогер Бага Демалыс қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның жақындары мен достары хабарлады.

Алматылық танымал блогер қайтыс болды
Фото: instagram

Кеше біз жақын досымыз Бага Демалыстан айырылып қалдық. Бага қаламыздың әрбір тұрғыны үшін туысындай болды, оның жымиған күлкісі мен мейірімді жүрегі біздің есімізде мәңгі сақталады, - деп жазды режиссер Қанат Бейсекеев Instagram-дағы парақшасында. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі белгілі блогердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Бұл факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы 105-бап (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін алматылық университет студенттің қайтыс болғанын хабарлады. Полиция бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) іс қозғады. 

Соңғы жаңалықтар