Алматылықтар бір тәулікте 1500-ден астам рет жол ережесін бұзған

АЛМАТЫ. KAZINFORM. – Алматы аумағында жол жүрісі қағидаларының 1 516 бұзушылығы анықталды.

Алматылықтар бір тәулікте 1500-ден астам рет жол ережесін бұзған
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы прокуратурасының мәліметінше, жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 130 өрескел бұзушылық анықталды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:

• көлік құралын масаң күйде басқару – 6;

• көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 1;

• жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік құралын басқару – 1;

• қарсы қозғалыс жолағына шығу – 7;

• маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 48;

• қауіпсіздік белдігін тақпау – 44;

• көлік құралын басқару кезінде мобильді телефонды пайдалану – 23.

Сонымен қатар 11 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.

Еске салсақ, Алматыда жол ережесін бұзып, қару көрсеткен жүргізуші ұсталды.