17:35, 26 Шілде 2024 | GMT +5
Алматылықтар Олимпиада ойындарының ашылуын үлкен экраннан көре алады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы тұрғындары мен қонақтары Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын үлкен экранан көре алады.

Бүгін сағат 22:30-да Jibek Joly, Қазақстан, Qazsport, Хабар, Ел Арна, телеарнасы Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын тікелей эфирде көпшіліктің назарына ұсынады.
Алматы тұрғындары мен қонақтары ашылу салтанатының тікелей көрсетілімін бес үлкен экранан көре алады:
- Джамбо-мәртебелі экран, Назарбаев даңғылы, Сәтбаев көшесі, 14;
- «Атакент» КҚКО - мәртебелі экран, Әуезов көшесі, Тимирязев көшесінің қиылысы;
- «Орталық әмбебап дүкені» СОО - медиафасад, Жібек Жолы көшесі;
- «Алмалы» СОО - Сәтпаев көшесі бойымен оралық алаңдағы стелла ;
- «Тиграхауд» СОО - медиафасад, Абай даңғылы, Алтынсарин көшесінің қиылысы.
Тікелей эфир жергілікті уақыт бойынша 22:25-те басталады.
Айта кетейік, Олимпиадаға Алматыдан 11 спортшы қатысады.