Алматылықтарға ескерту: Әл-Фараби даңғылындағы өткелдерге химиялық өңдеу жүргізіледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Әл-Фараби даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматылықтарға ескерту: Әл-Фараби даңғылындағы өткелдерге химиялық өңдеу жүргізіледі
Фото: Видеодан алынған скрин

Бостандық ауданы әкімдігінің мәліметінше, аталған жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінде сырлау жұмыстары басталады.

Алматылықтарға ескерту: Әл-Фараби даңғылындағы өткелдерге химиялық өңдеу жүргізіледі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Сырлаудан бұрын металл конструкциялар тоттан тазартылып жатыр. Коррозияны кетіру үшін арнайы сұйықтық қолданылады — түссіз, бірақ химиялық белсенді зат. Ол терімен тікелей жанасқанда қауіпсіз, сонымен қатар көліктердің лак-бояу қабатына немесе басқа бөлшектеріне зиян келтірмейді. Сондықтан бұл затты жол бойындағы өткелдерде де қауіпсіз қолдануға болады, — деп хабарлады әкімдіктен.

Алматылықтарға ескерту: Әл-Фараби даңғылындағы өткелдерге химиялық өңдеу жүргізіледі
Фото: Видеодан алынған скрин

Сондай-ақ Бостандық ауданы әкімдігі тұрғындардан жөндеу жүргізіліп жатқан аумақтарда абай болуды, жүріп-тұратын бағытты алдын ала жоспарлауды және қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді.

Еске салайық, бұған дейін Әл-Фараби даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелінде тұрғындар қоршауды өздері алып тастап, қауіпті нысан арқылы жолдың қарсы бетіне өткен.

Соңғы жаңалықтар