16:42, 21 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін шамамен 16:26-да Алматы тұрғындарының телефондарына жер сілкінісі туралы төтенше хабарлама түсті. Алайда қалада жер дүмпуі сезілген жоқ.
– Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыз!
Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз. Қосымша ақпараттар Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде, - делінген хабарламада.
Аталған хабарлама қала тұрғындары арасында үрей туғызды.

Ал, қалалық ТЖД өкілдері тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, сейсмологтардан ешқандай дерек түспегенін атап өтті.