19:46, 24 Сәуір 2024 | GMT +5
Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда ауа райының күрт бұзылуы салдарынан бірнеше ауданында жарық сөніп қалды.

«Алатау жарық компаниясы» АҚ мәліметінше, жаңбыр мен екпінді желден 6-10-0,4 кВ тарату желісінде ақау пайда болды.
«Соның салдарынан Ерменсай, Нұр Алатау, Тау-Самалы, Қарағайлы, Құрамыс, Ақжар, Бағанашыл, Асқартау, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 шағын аудандарында жарық сөніп қалды»,- деп хабарлады компаниядан.
Сондай-ақ компания электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша жедел топ жұмыс істеп жатқанын және қаладағы жағдай бақылауда екенін атап өтті.
«Электр қуатының үзілу себебі туралы барлық жедел ақпаратты мына телефон нөмірі 8 (727) 356-99-99 арқылы білуге болады.