Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматының екі ауданында газ уақытша өшіріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде газ уақытша өшіріледі. 

Алматының екі ауданында газ уақытша өшіріледі
Фото: EnergyProm

Қала әкімдігінің мәліметінше, Төле би көшесін ұзарту құрылысы аясында диаметрі 520 мм және 720 мм болатын жоғары қысымды газ желілерін қайта орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 27 шілде сағат 09:00–ден 31 шілде сағат 18:00–ге дейін Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Строительная көшесі, Мөңке би көшесі, Фариза Оңғарсынова көшесімен шектелген аумақта табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.

— Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, қажетті дайындық шараларын алдын ала қабылдауды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін Құлжа тас жолы мен Әшімов көшесінде қозғалыс шектелді.