Алматының Фариза Оңғарсынова көшесінде көлік қозғалысы 2 аптаға шектеледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алатау ауданындағы көшеде жол-құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, Оңғарсынова көшесінің Ақберен көшесінен Қожабеков көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
— Бұл жұмыс 2026 жылы 21 сәуір сағат 22:00–ден 2 мамырға дейін жүргізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары уақытша өзгерісті ескеріп, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырамыз, — деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Аталған жұмыстар «Батыс кәріз коллекторының құрылысы» жобасы аясында қолға алынған. Коллектордың жалпы ұзындығы Жандосов көшесінен қалалық тазарту құрылыстарына дейін 35 шақырым бллмаө. Жоба аяқталғаннан кейін 200 мыңға жуық тұрғын орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Еске салайық, елордада бірнеше көшенің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылды.