Алматының гидрологиялық бекеттеріне капсула үйлер қойылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласындағы Үлкен Алматы шатқалындағы Күмбелсу гидробекетінде капсула үйлер ашылды. 

Алматының гидрологиялық бекеттеріне капсула үйлер қойылды
Фото: Алматы ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, жаңа капсулалық үйлер теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктікте қойылды. Тау өзендеріндегі су деңгейін бақылайтын қызметкерлер мұнда қысы-жазы болады. Тәулік бойы мониторинг жүргізеді.

– Жаңа капсула үйлер заманға сай жасалған. Аумағы – 24 шаршы метр. Ішінде жұмыс істейтін орын, жатын және жуынатын бөлмесі бар. Ал, жылу мен жарық автономды түрде беріледі. Қажетті жиһазбен жабдықталған, - деп хабарлады департаменттен.

Алматы
Фото: Алматы ТЖД
Алматы ТЖД
Фото: Алматы ТЖД

Ведомстовадан бақылау бекетінің аумағында көшеттер отырғызылатынын атап өтті.

Еске салайық, осыған дейін Алматы тауларында адасқан туристер үшін үйшіктер орнатылған болатын. 

Алматы ТЖД
Фото: Алматы ТЖД
Алматы ТЖД
Фото: Алматы ТЖД

Айта кетейік, үйшіктер құтқарушылармен шұғыл байланыс жүйесімен жабдықталған, оларда алғашқы көмек апаттық жиынтығы – алғашқы медициналық көмек қобдишасы, мобильді құрылғыларды зарядтау стансасы, жылы көрпе және бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы (сіріңке, тез дайындалатын кеспе, крекер, банкадағы ботқа, отын) бар. Арнайы үйшіктер алыстан көзге бірден шалынатын ашық қызғылт сары түске боялған. 

Соңғы жаңалықтар