Алматының кей аудандарында уақытша жарық өшіріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 7-11 қыркүйек аралығында жоспарлы түрде жарық өшіріледі.

Ресейдің Белгород облысында 40 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды
Фото: ТАСС

«АЖК» компаниясының мәліметінше, электр желілерінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне, сондай-ақ ақауларды жоюға байланысты электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады. Жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта, негізінен сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

РЭС-1

  • Шағынаудандар: Әйгерім-1 (Бенберин, Назар, Наби, Тополинная, Алматы, Набережная, С. Әшімов, Пригородная, Шыңғыстау, Түймебаев, Қарашығанақ көшелері), Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 (Алпамыс, Қарқара, Жиделі, Қобыланды, Наурыз, Өтемісұлы, Тұрысов, Әубәкіров, Мәмбетов көшелері), Түркістан ш/а.

  • Ірі көшелер: Мақатаев көшесі (130-үй), Наурызбай батыр көшесі (23-үй), Сейфуллин даңғылы (422-үй, сондай-ақ Багратион, Крамской, Успенский, Филатов көшелерінің маңындағы үйлер), Потанин көшесі, Есенов көшесі, Баянауыл көшесі, Райымбек даңғылы (196-үй), Жансүгіров көшесі.


РЭС-2, 3, 4, 5, 6, 7

  • РЭС-2 (Орталық және батыс): негізгі көшелер - Шевченко, Абай даңғылы, Төле би көшесі және т.б. қамтылған.

  • РЭС-3 (Наурызбай және Алатау аудандары): жұмыстар Тастыбұлақ, Таужолы, Құрамыс, Қарағайлы, Таусамалы, Ақжар, Қалқаман, Теректі, Алғабас шағынаудандары мен іргелес көшелерді қамтиды.

  • РЭС-4 (Түрксіб және Жетісу аудандары): жарық Айнабұлақ, Қарасу, Маяк, Жұлдыз шағынаудандарына және басты көшелерде (Сүйінбай, Майлин және т.б.) өшіріледі.

  • РЭС-5 және РЭС-6 (Бостандық және Медеу аудандары): қаланың жоғарғы бөлігі, соның ішінде Мирас, Нұр Алатау, Ерменсай, Горный Гигант, Ремизовка, Көктөбе шағынаудандары, сондай-ақ орталық көшелер (Достық, Әл-Фараби) бар.

  • РЭС-7 (Әуезов ауданы): Шабыт, Таугүл, Мамыр-4, Атамекен шағынаудандары мен маңайдағы көшелер қамтылады.


«АЖК» ауа райы жағдайларына немесе күтпеген апаттық жағдайлардың туындауына байланысты жөндеу жұмыстары ауыстырылуы мүмкін екенін ескертті.

Жарық жоспарлы түрле өшірілетінін мекенжайлардың толық тізімі “АЖК” сайтында қолжетімді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда электр ұяшығының зақымдануынан жарық өшті.