20:14, 09 Шілде 2025 | GMT +5
Алматының өзен-көлдерінде су деңгейі көтеріліп, таулы аумақтарда тасқын болуы мүмкін
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Құтқарушылар ауа райына байланысты ескерту жариялады.

«Қазгидромет» РМК жариялаған ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 10-11 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.
– Қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап, тау бөктерлері мен өзен арналарына жақындамау, сондай-ақ ауа райы болжамының жаңартуларын қадағалау ұсынылады, –деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.
Бұған дейін Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауатыны туралы хабарланған болатын.