Алматының төрт ауданында демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда мереке және демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкелері жұмысын жалғастырады. Бұл туралы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастырылады.
Сауда алаңдары мына мекенжайларда орналасады:
– Бостандық ауданында – «Қазақфильм» шағынауданында;
– Әуезов ауданында – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
– Медеу ауданында – Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысында;
– Алмалы ауданында – Масанчи көшесінде, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығында.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін жәрмеңкелерді басқару және бағаның тұрақтылығын бақылау міндеті «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қарауына өтеді.
Демалыс күнгі жәрмеңкелер тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп келеді.
Айта кетейік, Астанада да мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.