Алматының үш көшесінде біраз уақытқа көлік қозғалысы шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде қозғалыс уақытша шектеледі.

Алматының үш көшесінде біраз уақытқа көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Алматы әкімдігі

30 мамырдан бастап 15 тамызға дейін Бұқар Жырау желекжолында Байтұрсынов көшесінен бастап С.Марков көшесіне дейін солтүстік жағынан автокөлік қозғалысы шектеледі. 29 мамырдан бастап Бұқар Жырау желекжолының оңтүстік жағымен қозғалыс қайта іске қосылады. 

1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Сәтпаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі. 

2 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Ғабдуллин көшесінде Римский-Корсаков көшесінен бастап Нахимов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.

– Уақытша шектеулер бұл көшелердің астымен жүргізілген магистральдық құбыржол учаскесін жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі, - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жылу желілерін жаңарту жұмыстары қандай көшелерді қамтитынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар