Алматының Жандосов көшесінде көлік қозғалысына 2 апта шектеу енгізіледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде кері бағыттағы қозғалыс (реверсивті қозғалыс) ұйымдастырылады.
- Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және белгіленген жылдамдық режимін қатаң ұстануды сұраймыз. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі толықтай жабылды.
Сондай-ақ Наурызбай ауданында Батыс кәріз коллекторы құрылысы жобасының кезекті кезеңі басталды. Осыған байланысты 17 шілде мен 30 тамыз аралығында Бекешев көшесінің Әбділдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.