Алматы әкімдігі неліктен асфальттың дөңгелек үстінен төселгенін түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Желіде жаңадан төселген асфальттың астында қалып кеткен дөңгелектің фотосы пайда болды. Бұл сурет Ақбұлақ ықшам ауданындағы жол жөндеу жұмыстарынан кейін түсірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ықшам аудандағы көшенің біріне асфальт төсеу кезінде тұрғындар ол жерде металл люгы барын хабарлайды. Алайда, 0.6 метр тереңдіктегі құдық жол негізін дайындау кезінде байқалмаған.

«Тұрғындар люк орналасқан жер белгілі болу үшін үстіне дөңгелек қойған. Келесі күні ол жер қазылды. Кейін бетондау мен асфальттау арқылы қажетті деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта техникалық қадағалау мамандары мен тұрғындар бірлесіп, басқа да люктерді анықтау мақсатында ықшам аудандағы көшелерді қарап шығуға кірісті. Мәселе бақылауда», - деп хабарлады әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар
telegram