Алматы әкімдігінің ғимаратында тағы да өрт болды - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында тағы да өрт шықты,
None
None

деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қаңтардың 13-і күні сағат 10.32-де Бостандық ауданындағы Республика алаңы, 4-ші үйде орналасқан әкімдіктің техникалық қабатында №1-ші желдеткіш камерасындағы жылытқыштың жануы болды. Жалын 10 шаршы метр аумаққа тараған. «Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттан 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - деп атап өтті олар.

Тілсіз жау Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 41 адамы мен 17 техникасының күшімен сағат 11.41-де ауыздықталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл - өткен тәулікте Алматы әкімдігінде орын алған екінші өрт. Қаңтардың 12-сінен 13-іне қараған түні сағат 01.14-те мекеменің 6-шы қабатында 30 шаршы метр аумақта баспасөз қызметінің кабинеті жанған еді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалынды сөндіруге өртке қарсы қызметінің 38 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум