Алматы әкімі апаттан зардап шеккендерге барлық қажетті медкөмек көрсетуді тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі апаттан зардап шеккендерге барлық  қажетті медкөмек көрсетуді тапсырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әуежайында болған АН-26 ұшағы құлаған жерге барды.

Қала басшысы Twitter аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

«АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшырады.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.