Алматы әкімі биыл халықпен 24 кездесу өткізеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен 14 сәуір күні сағат 15.00-де кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі биыл халықпен 24 кездесу өткізеді

«Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 29 наурызда қала мәслихатының шешімімен Алматы қаласы әкімінің тоқсан ішінде 8 кездесуі және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің жылдық күнтізбесі (ай сайын 1 кездесуден) бекітілді. Жылдық күнтізбе бойынша жылдың соңына дейін барлығы кем дегенде 48 кездесуге дейін өткізу қарастырылған (24 – қала әкімі, 24 – аудан әкімі)», - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 14 сәуір күні сағат 15.00-де Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездеседі. Өтетін жері: Абай даңғылы 90, Бас жоспардың ғимараты. Сонымен қатар, сәуір айы ішінде кестеге сәйкес аудан әкімдерінің халықпен 9 кездесуі өтеді. Оның кестесін мына жерден табуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/article/details/80560?lang=kk