Алматы әкімі: «Бюджетке қатысу» жобасын қаржыландыру артады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасын қаржыландыру артады. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша өткен қала активінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, алматылықтар «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысып жатыр. Қалалықтардан түскен ұсыныстар үш есеге өсті.

«Биыл жобаны жүзеге асыруға 7,4 млрд теңге бағытталғанын атап өткім келеді. Халық тарапынан сұраныстың артуына қарай қаржыландыру көлемі ұлғаяды», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, ол қалада абаттандыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

«Көктемде әуежайдан Тұңғыш Президент саябағына дейінгі қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру (ұзындығы 25 км), тоғыз көшені (17 км) реконструкциялау басталады. 2023 жылыға жоспарланған сегіз көше бойынша жоба әзірленетін болады»,- деді Бақытжан Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар