«Алматы» ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева – Бүгін Астана қаласының №55 мектебінде «Алматы» ауданының әкімі Сапар Ахметовтің халық алдында есеп беру кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оның барысында аудан тұрғындары 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерімен танысып, аудан әкіміне өз сауалдарын қою мүмкіндігіне ие болды.«Алматы» ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін сөз еткен С.Ахметов: «2008 жылдың қаңтар айында біздің ауданда 7 есеп беру кездесуі өтті. Бұл кездесулерге 2 мыңнан астам аудан тұрғындары қатысты. Кездесулер барысында 99 адам сөз сөйлеп, 167 сұрақ пен ұсыныс келіп түсті», - деді.Аудан бойынша негізгі капиталға 170,3 миллиард теңге инвестиция салынды. Оның негізгі бөлігі құрылысқа жұмсалды. Осылайша, ауданның тұрғын үй құрылысына 78,8 миллиард теңге инвестиция жұмылдырылып, 833 мың шаршы метр болатын 43 үй пайдалануға беріліп отыр. Үлескерлер мәселесін шешу мақсатына 5 проблемалық нысанның құрылысын жандандыруға қаражат бөлінді.Көшелерді жөндеуге және салуға да арнайы қаражат қарастырылды. Қала әкімінің тапсырмасымен елорда күніне орай ауданда көшелер жөнделіп, жаңалары салынды.«Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы ақпанның 25-інен бастап наурыздың 6-сына дейін Ұлттық халық санағы өтеді. Азаматтарға жағдай жасау үшін 70 стационарлық санақ бөлімі құрылды. Оның 31-і «Алматы» ауданында орналасқан. Бөлімдер туралы ақпараттар БАҚ-та жарияланды», - деді есеп беру кездесуде «Алматы» ауданының әкімі Сапар Ахметов.Алматы ауданы әкімінің тұрғындар алдында келесі есеп беру кездесуі ертең, қаңтардың 21-інде өтеді.
Соңғы жаңалықтар