Алматы әуежайы зақымданған ұшақты сақтандыру есебінен жөндейтін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайы зақымданған ұшақты жөндеуге қыруар қаржы қажет екендігі туралы БАҚ-та жарияланған мақалаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мақалада Hawker 900XP ұшағы қанатының винглеті зақымданғанын, енді оны жөндеуге көп қаржы қажет екенін әрі ол үшін ұшақты шетелге әкету керектігін жазған еді.

Халықаралық Алматы әуежайы аталған мақалаға түсініктеме берді.

«2019 жылдың 1 қаңтарында қар тазалаушы машина антенналарымен тұрақта тұрған ұшақтың қанатының ұшын қағып кетті.Соның салдарынан ұшақтың қанаты зақымданып, сыры ұшып кетті. Бұл оқыс оқиға жайлы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне хабарланды. Авиациялық оқиғаларды зерттеу ережесіне сәйкес бұл жағдай шұғыл оқиғаға жатпайды. Ұшақ пайдалануда болмаған, тұрақта жабық күйінде тұрды. Бортта адамдар болмады, сырттағы адамдарға қауіп төнбеді. Ереженің №6 тармағына сәйкес мұндай оқиға тексеруді қажет етпейді», - делінген әуежайдың ресми жауабында.

Қазір әуежай басшылығы «Fly Jet» ЖШС-мен (ұшақ сенімді басқаруға берілген) бірлесе отырып қызметтік тексеру жүргізген.

Қар тазалау көлігінің жүргізушісі тәртіптік жазаға тартылды.

«Автордың «ұшақты жөндетуге шетелге әкету керек» дегені де шындыққа жанаспайды. Техникалық құжаттарды алған соң сертификаты бар мамандар ұшақты әуежайдың аумағында жөндейтін болады. Ұшақтың техникалық жағдайы сақтандырылған. Жөндеу жұмыстары сақтандыру қорынан қаржыландырылады. «Жөндеуден соң ұшақ ұша алмайды» деген мүлде қате пікір», - деді баспсөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар