10:39, 22 Қаңтар 2018 | GMT +6
Алматы әуежайында 6 рейс кешігіп ұшты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Халықаралық әужайында 6 рейс кешігіп ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Алматы халықаралық әуежайының хабарлауынша, қаңтардың 21-і мен 22-не қараған бір тәулік ішінде төмендегідей рейстер кешігіп жөнелтілді.
Атап айтқанда, «Air Astana» әуекомпаниясының KC135 Алматы-Санкт-Петербург рейсі техникалық себептермен уақытында ұша алмаса, KC953 Алматы-Астана және KC969 Алматы-Шымкент рейстері жоспарланған резервтік ұшақтың жетіспеушілігінен кешіккен.
Сондай-ақ, аталған әуе компанияның KC875 Алматы-Мәскеу ұшағы жолаушыға медициналық көмек көрсетілуіне байланысты кідірсе, KC859 Алматы-Ақтау рейсі ұшақтың кешігуі салдарынан дер кезінде Ақтауға аттанбаған. Сонымен қатар, «Fly Dubai» әуекомпаниясының FZ736 Алматы-Дубай рейсі де ұшақтың мезгілінде келмеуіне байланысты уақытында ұша алмады.