Алматы әуежайында Гонконг азаматы 291 ҚР шетелдік төлқұжаты бланкісімен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы» өткізу-бақылау пунктінің шекаралық наряды «Алматы-Гонконг» бағытындағы КС-929 рейсін рәсімдеу барысында екі Гонконг азаматын ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
None
None

Олардың қол жүктерінен 291 ҚР шетелдік ұлттық төлқұжатының бланктерін табылып, тәркіленді. Бұлардың 250-і көк түсті, 40 данасы күрең қызыл түсті болып шықты, сондай-ақ күрең түсті төлқұжаттың біреуінде фотокарточка мен бағыттық деректер жазылған.

Аталған төлқұжаттармен бірге құжатты түпкілікті дайындап, пайдалануға қажетті бір орам голографикалық лентаның қосыла жүргендігі ерекше назар аудартады.

ҚР ҚПК 185-бабын басшылыққа ала отырып аталған дерек бойынша материалдар ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментіне жіберілді.

Соңғы жаңалықтар