Алматы әуежайындағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Айбол Бекмұхамбетов
қазіргі таңда әуежайда екі таксопарк өкілдері қызмет ететінін жеткізді. Алайда, жеке жүргізушілердің мәселесі әлі де өзекті болып отыр.
Қала басшысының орынбасары Юрий Ильин «таксистердің мәселесін» бір күнде шеше қою мүмкін емес дейді. Ол жолаушыларды заңды таксидің қызметіне жүгінуге шақырды. Себебі, ол арзан әрі қауіпсіз.
Әкімнің орынбасары жеке таксистердің клиент үшін өзара пышақтасуға дейін баратынын жеткізді.
«Визасыз режим енген соң Қазақстанға келетіндердің саны артты. Алматы әуежайы арқылы қатынайтын жолаушылардың саны 12 пайызға артты. Сондықтан, оларға қызмет көрсету үшін қауіпсіздік шараларын нығайта түсу керек. Алматы әкімі Ахметжан Есімов ҚР Ішкі істер министрлігіне әуежай аймағы ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органы қызметкерлері штатын үлкейту туралы ұсыныс хат жазды», - деді Ю.Ильин.
«Жылына Алматы әуежайы 4 млн. 600 мың жолаушы тасымалдайды. Бір жылда қала қазынасына 3,5 млрд теңге түсіреді. Бұл әуежайдың өте қарқынды жұмыс істеп жатқанынан хабардар етеді», - деді Айбол Баймұхамбетов.