Алматы автобустарында өрттен сақтану туралы роликтер көрсетілмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ТЖД жекеменшік үйлер секторындағы өрт қаупінің алдын алу шараларын бастап кетті. Аталған жұмыс жылыту маусымы қарсаңында әдейі қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Департамент қызметкерлері жүргізген талдау барысында өрт көбінесе ағаш немесе көмірмен жылытылатын үйлерде жиі болатыны анықталған. Көп жағдайда өрт пештің ақауынан болатыны белгілі болды. 

15 қыркүйектен бастап ТЖД мен ІІД өкілдері өрт қауіпсіздігі айлығын бастамақ.

«Осындай шаралардың арқасында жеке сектордағы өрт үлесі 10 айызға азайып келеді. Сонымен қатар, ыстан улану көрсеткіші де кеміп келеді. Біз жекеменшік үйлерді аралап, тексерумен айналысамыз. Алматыда 144 мың жеке үй бар. Сонымен қатр, тұрғындар арасында интерактивті сабақтар, аэропорт, вокзал, метро, қоғамдық көліктегі өрт қауіпсіздігі туралы видероликтер көрсетіледі», - деді ТЖД өкілі Марат Бекбаев.

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram