Алматы-Балқаш күре жолында бірнеше көлік Ресей азаматының кесірінен соқтығысты

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Алматы-Балқаш жолының Сарышаған стансасынан 20 шақырым жерде 12 қазан күні «Форд-Фокус» автокөлігінің жүргізушісі Балқаш қаласына келе жатып алдындағы «Миуцбиси-Паджеро» автокөлігінен басып озбақ болған кезде оған жанаса соғып өткен,
None
None

деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

«Мицубиси» жүргізушісі, 29 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы өз кезегінде қарсы бағыттағы Алматының 39 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Мерседес-Бенц» көлігімен және осы бағыттағы Приозерск қаласының 30 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Ауди-100» көліктерімен қақтығысқан.

«Форд-Фокус» жол жиегіне аударылып кетті. Апатың салдарынан 64 жастағы «Форд-Фокус» жүргізушісі, Ресей азаматы түрлі жарақаттармен Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар