15:47, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматы базарларынан тәркіленген 4 тоннадан астам жарылғыш заттар жойылды
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы облысының Заречный елді мекені маңындағы жаттығу полигонда 4 тоннадан астам жарылғыш, от шашу заттары жойылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған өнімдер Алматы қаласында сертификатсыз сатылып жатқан жерінен арнайы тексеру шаралар кезінде тәркіленген болатын. «Қалалық ІІД құрылымдарымен қаладағы 119 базар, дүкендер, басқа да сату орындары тексеріліп, жарылғыш заттардың 30-дан астам заңсыз сатылымы анықталды. 9 мың келіден астам сертификатсыз сатылған заттар тәркіленді» дейді ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының лицензиялық-рұқсат беру бөлімінің бастығы Ерлан Мейманқұлов.